Самга

Самга Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Самга, Clothing Store, Тархан 9Астана, Tselinograd.

16/07/2026
16/07/2026

Танымдық іс сапар

«SAMGA» орталығы шәкірттеріміз және ата-аналарымызбен бірге Абай ауданының Қарауыл ауылына іссапардан.А.Баймұзаметов «Та...
15/07/2026

«SAMGA» орталығы шәкірттеріміз және ата-аналарымызбен бірге Абай ауданының Қарауыл ауылына іссапардан.

А.Баймұзаметов «Тастамашы, ана!» әлеуметтік драмасы

Біз үшін әр сапар – тек қойылым емес, қоғамға ой салатын, жүрекке жететін маңызды миссия.

Танымдық іс сапар ✨

15/07/2026

Абай ауданы танымдық сапар

15/07/2026

Танымды сұхбат шәкірттеріміз сұрақтарына жауап алуда Абай ауданындағы іс сапардағы
Нұржан мырзамен

02/07/2026

Абайға тағзым – өткенге құрмет, болашаққа бағдар. 🤍

Кейбір сапарлар тек жол жүру емес, жан дүниеңді байытатын ерекше кездесу болады.

Жидебайға барып, ұлы ойшыл Абай атамыздың рухымен сырласқандай күй кештік. Балаларымызға кітаптан оқығанды ғана емес, тарихты жүрегімен сезінуді, ұлттық құндылықты құрметтеуді көрсетудің өзі – үлкен тәрбие.

Осындай сәттерде ұрпақ сабақтастығының мәнін тереңірек түсінесің. Әке мен баланың үнсіз тұрғанының өзінде үлкен тағылым жатыр. Өйткені ұлттық рух ең алдымен отбасыдан басталады.

Абайды тану – өзіңді тану.
Ұлттық құндылықты дәріптеу – болашаққа салынған ең берік іргетас.

📍Жидебай – жүрекке жақын, рухқа қуат сыйлайтын қасиетті мекен.

#Жидебай #Абай #ҰлттықҚұндылық #РуханиТәрбие #Отбасы SAMGA АбайЖолы

02/07/2026

Жидебайға бірге жасаған ерекше сапарымыз… ❤️

«SAMGA» шығармашылық орталығының шәкірттері мен ата-аналарымен бірге қазақтың ұлы ойшылы Абайдың киелі мекені – Жидебайға тағылымы мол танымдық сапар жасадық.

Бұл ерекше сапардың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болып, бізге терең рухани әсер сыйлаған, қарапайымдылығы мен кең жүрегі жарасқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Нұржан мырзаға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Әсерлі экскурсия барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығы, Жидебайдың тарихы мен қасиеті туралы көптеген тың мәліметтермен бөлісіп, әрбір қатысушыны ұлттық рухпен сусындатты. Мұндай тағылымды әңгімелер балалардың ғана емес, үлкендердің де жүрегіне жол тауып, ерекше әсер қалдырды.

Бұл жай ғана саяхат емес, ұлттық құндылықтарды сезінуге, тарихпен қауышып, рухани байуға мүмкіндік берген маңызды күн болды. Балалар Абай мұрасымен жақынырақ танысып, туған жердің қадірін тереңірек ұғынды.

Осындай игі бастаманың жүзеге асуына қолдау көрсеткен барлық жанашыр азаматтарға .women.kz .women.shko және балаларымен бірге уақыт бөліп, сапарға қатысқан ата-аналарымызға зор ризашылығымызды білдіреміз. Бала тәрбиесіндегі бірлік пен ынтымақтастық – жарқын болашақты

24/06/2026

Біздің орта🦅🪐❤️

18/06/2026

🎭 «Буллинг туралы әр ата-ана көруі тиіс қойылым»

Буллинг – жай ғана қалжың немесе балалар арасындағы түсініспеушілік емес. Ол баланың жан дүниесіне әсер етіп, өмір бойы ұмытылмас із қалдыруы мүмкін.

«Біздің класс» қойылымы арқылы біз бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – буллингтің салдары, балалар арасындағы қарым-қатынас, түсіністік пен қолдаудың маңыздылығын көрерменге жеткізуге тырыстық.

Бұл қойылым – тек балаларға ғана емес, ата-аналарға, ұстаздарға және әрбір ересек адамға ой салатын туынды.

Баланың жанайқайын есту үшін кейде оның үнсіздігін түсіну жеткілікті…

🤝 Балаларды қорғайық.
❤️ Мейірімділік пен сыйластықты бірге насихаттайық.

#БіздіңКласс #БуллингкеЖолЖоқ #БалалардыҚорғайық

Address

Тархан 9Астана
Tselinograd

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Самга posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category