Salli&Style

Salli&Style Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Salli&Style, Clothing (Brand), Almaty.

Мамандық таңдауда,  қазір бұрынғы заманмен салыстыруға болмайды. Бұрын бір мамандықты таңдайсың, бір жерде тапжылмай жұм...
23/07/2021

Мамандық таңдауда, қазір бұрынғы заманмен салыстыруға болмайды.
Бұрын бір мамандықты таңдайсың, бір жерде тапжылмай жұмыс жасайсың, сол жерден пенсияға шығасың. Онымен қоймай , бұл тыныш жұмыс деп бала шағаныда сол мамандықпен оқытасың. 🙅🏻‍♀️.
Ал, қазір ондай емес. Технология тез дамып жатыр, мамандықтарда жыл сайын ауысып отырады. Мысалы Асхат Шыналі деген жігіт 10 жыл бұғалтер болып жүріп, былтырдан бері мобилограф мамандығын таңдап, сол салада бірнеше онмиллиондаған теңгені бір айда тауып отыр. Қуаныш Шонбайдың бизнес школасына келгенде ондай мысалдардың көбін көрдім.
Қазір қай сала трентте тұр, сол саламен жұмысыңды жалғастырып кете бересің.

Мен 28 жыл тігін саласымен айналыстым.Ол менің көзімді жұмып тіге беретін салам.
Ал, жазу (копирайтерлік), СММ , Психология менің хоббиім. Бұл салалар маған ұнайды.

Демек менде ақша табуға мүмкіндік көп.
Сіздер қалай ойлайсыңдар? Мен осы айтқан салалардың қайсысын жақсы игере алады деп ойлайсыздар?
Жауаптарыңызды жаза кетіңіздер🙋🏼‍♀️🚀✍🏻

Мен тігінші Салима, күйзелісте жүрген Салима ретінде бұл парақшада танымалмын.Үйі бар, күйеуі бар, кеудеде толған өксігі...
21/07/2021

Мен тігінші Салима, күйзелісте жүрген Салима ретінде бұл парақшада танымалмын.
Үйі бар, күйеуі бар, кеудеде толған өксігі бар, жазылмаған реніші бар, ақырған ашуы бар, жалпы барлық адам өмірінде бар нәрселері бар Салима едім.

Енді ештеңесі жоқ: үйі жоқ, күйеуі жоқ, өксігі жоқ, күйзелісі жоқ, жалпы негативі жоқ Салимаға айналдым.

Мен осы парақшамды жауып, жаңа Салиманың парақшасын ашамын деп шештім.
Ол парақшамның сілтемесін осында саламын.
Қаласаңыздар сол парақшама өтіп алыңыздар, қаламасаңыздар ештеңе демеймін. Бұл парақшадан достығымдағы барлық адамдарды өшіремін.

Бұл парақшамды тек, өткеннен алатын сабағым ретінде, өзім қарап отыратын естелік ретінде қалдырамын, жабық аккаунтта.
Ал, қазір, менің өткенімді қарағыңыз келсе, 500 ден аса посттым бар. Әзірге қарап алыңыздар.
Осы уақытқа дейін басып жүрген жолдарым бар.

Менің қолымнан көп нәрсе келді.
Әліде қолымнан көп нәрсе келетінін Әлемге дәлелдейтін боламын.
Мен бәріңді жақсы көремін❤️
Бақытты болыңдар!🤲🏻

20/07/2021
20/07/2021

Құрбан айт құтты болғай.
Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін. Осы мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Жаратқан иеміз баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық нәсіп етсін!

КҮЙЕУІҢЕ ӘЙЕЛ БОЛ!Күн көріс деп далаға жұмыс жасаймын деп жүгіре берген әйел, күйеуін қолдан ез қылады.Әйел жұмыс жасайм...
15/07/2021

КҮЙЕУІҢЕ ӘЙЕЛ БОЛ!
Күн көріс деп далаға жұмыс жасаймын деп жүгіре берген әйел, күйеуін қолдан ез қылады.
Әйел жұмыс жасаймын деп шықтыма? Жұмыстың жанын шығарады.
Бір-екі рет жұмысы жүрмей жатса, күйеуі: - отыр үйде, не жүріс мынау. Ақша керек болса өзім табамын, бала-шағаға қара,- дейді міндетті түрде. (Ал, егер:-бара бер, бүгін болмаса ертең болар,- дейтін күйеудің 90%-ы баяғыдан өз күшіне сенбей қалған еркектер.)
Ал, әйелдер намысқа беріліп жеңілгісі келмейді. Фокустың бәрі жұмыс жасап, ақша табу болған соң, ол міндетті түрде табыс таба бастайды. Күйеуінен көбірек табу үшін тыраштайды.
Ниет қой бастысы. Алла ол ниетті міндетті түрде орындайды.
Одан кейін не болады.
Ты мужик💪🏻.
Отбасының проблемасын шеше бастайсың.
Ағайын тумалардың арасында мәртебең өсе бастайды, олардың да проблемаларын шеше бастайсың. Ақша тауып тұрған соң ол жыр емес.
Баланы бағуға адам жалдайсың. Күйеуіңе үлкен балаңдай қарайсың. Киіндіресің, жағдайын жасай бастайсың. Себебі, сен одан көбірек ақша табасың.
Бәрі күшті👍🏻👍🏻👍🏻

Уақыттар өтеді. Артық қамқорлықтар мойныңда ауырласа бастайды. Артық жауапкершілік шаршата бастайды. Күйеу баяғыда ез болып қалған. Не айтсаңда еріксіз “жарайды” дейді. Өйткені, сен бәрін басқарып отырсың.
Нәтижесі не болады, мұндай жағдайда?
Әрине материалдық дүниең дұрысталады. Ешкімнен кем болмайсың.
Тек, ішіңде жан тыныштық кетеді. Сенің алдыңда бір саты алдыңда жүретін еркектің болмағанына көңілің толмайды. Ал, өзің бірнеше саты алдында жүрсің.
Егер бір жерде сүрніксең, күйеуің қуанады алдымен. Өйткені, сенің, оның алдында еркекке айналып кеткенің, нәзіктігіңнің жоғалтқаның ұнамайды.

Әйелдің міндеті үйдің опорасы болу емес. Ұйытқысы болу.
Күйеу табады саған керек ақшаны. Сен тек оған әйел бола біл.

Әйел болуды ешкім үйретпейді.
Әйел болғың келсе арнайы курстар бар. Немесе “ әйел психологиясы” деп іздесең соц.сеттен толып жатыр. Ақырындап қарап үйрене бер.
Олардан көп нәрсе үйренесің.

Байтал шауып бәйге алмас.
Күйеуге мама емес, еркек емес ❤️әйел керек!
Осыны түсінгенде кеудеңде жан тыныштығы орнайды.
Бақытты әйел бар жерде- бақытты күйеу, бақытты бала, бақытты отбасы бар!

Мен сіздерге бақыт тілеймін бақытты болуға лайықты әйел-қыздар🤲🏻

ҚОЛЫМНАН КЕЛДІ! ӘЛІ ДЕ КӨП НӘРСЕ ЖАСАЙ АЛАМЫН!!! СЕБЕБІ, СЕБЕБІН ТҮСІНДІМ!😁💃🏻❤️( 2 бөлім)Түн ортасында тұрғызып маған дұ...
14/07/2021

ҚОЛЫМНАН КЕЛДІ!
ӘЛІ ДЕ КӨП НӘРСЕ ЖАСАЙ АЛАМЫН!!!
СЕБЕБІ, СЕБЕБІН ТҮСІНДІМ!😁💃🏻❤️
( 2 бөлім)

Түн ортасында тұрғызып маған дұрысталмайды деген, бүлінген киімді реставрация жасап берші десе, мен көзімді бір сипап көз алдарыңда ол болмайды деген киімге екінші өмір сыйлай алатын, бұдан кейінде тастамай киетін киімге айналдырып беретін едім.

Сол тігін арқылы елге танылдым.
Осы постымды оқып отырған сізде ,мені тігінші Салима ретінде танисыз.😊😘
Енді, не үшін мықты тігінші болғанымның себебін түсінген соң, басқа да шығалмай тұрған қасиеттерімді дамыту, ол қасиеттеріммен танылу, дамудың жолын түсіндім.

Менің іштей арманым көп. Соның бірі кітап жазу болатын.Сол үшін, армандап жүре бермей, аптасына қарапайым екі пост жазуды әдетке айналдыру арқылы, жыл соңында нәтижесін сіздер маған айтатын боласыздар.

Бизнесмен болу үшін тырысып армандап жүрмін, бірақ мен ол үшін күніге бір мезгіл қарапайым реклама жазуды, маркетингпен айналысуды білмедім. Оқыдым болды, ұғып аламын деп ойладым. Сөйтсем, мен күніге бес минут сол сала бойынша уақыт бөлуге тиіс екенмінғой. Сонда ол автомат жасауға апарады, әрі бес минутқа күнделікті бөлген, минуттар қосылып мен содан кейін күнімнің біраз бөлігін арнап, сол саланың маманы болып шығады екенмін.

Енді не тұрыс!!!
Кім болғың келеді? Қазірден бастап фокусты соған сал. Күнделікті азғантай уақыт бөліп, әдет қалыптастыр. Нәтижесі сені міндетті түрде қуантады.
Бұл туралы айтарым көп болып тұр, бірақ бұл кітап емесқой, посттың шектеуі бар.
Сіздерге постым пайдалы болса комментке реакция қалдырыңыз.
Өмір керемет!
Өмір сүру оңай!
Бәрі өз қолыңда!

ҚОЛЫМНАН КЕЛДІ!ӘЛІ ДЕ КӨП НӘРСЕ ЖАСАЙ АЛАМЫН!!!СЕБЕБІ, СЕБЕБІН ТҮСІНДІМ!😁💃🏻❤️(1бөлімі)⠀Джеймс Клирдің  “Атом әдеттер”атт...
14/07/2021

ҚОЛЫМНАН КЕЛДІ!
ӘЛІ ДЕ КӨП НӘРСЕ ЖАСАЙ АЛАМЫН!!!
СЕБЕБІ, СЕБЕБІН ТҮСІНДІМ!😁💃🏻❤️
(1бөлімі)

Джеймс Клирдің “Атом әдеттер”атты кітабын оқып отырып, біраз нәрсеге көзім ашылды.
Мен не үшін мықты тігінші болдым. Мен неге басқа қабілеттерім бола тұра, ол қабілеттерімді дамытпағандығым туралы түсіндім.

Джеймс Клир айтуы бойынша:
👆🏻Күніге бір доллардан салып отырсаң, бір жылда 365доллар жиналып тұрады. Сен күніге бір доллардан бөлек жинағанда, оның орны аса білінбейді. Бірақ нәтижесі қуантады.
👆🏻Күніге бір жақсы әдет қалыптастырып, соны күнделікті қайталап отырғанда, жыл соңында сенің жетістікке жеткеніңе басқаларда куә болады.
👆🏻Ал, егер күнде бір жаман әдетті қалыптастырып соны күнделікті жасап отырсаң, онда жыл соңында сорлы адам болғаныңды елдер саған айта бастайды. Мысалы: қарапайым үй жинауды алсаңызда болады. Күнде сосын істеймін деп кейінге қалдыра бергенде, жыл соңында салақ қатынға, немесе еркекке айналып, дипрессияға ұшырайсың. Себебі, ауасы тазармаған үйде не жетістік болар дейсің. Санаң да, миың да сондай.

🚀Армандай бергенді қойып, күнделікті қарапайым әдеттеріңді қалыптастыр және сол әдеттерді күнделікті қайталап отыр, нәтижесі сені қуантады.

🪡Мен неге мықты шебер бола алдым.
Мен жас кезімде арман қуалмадым. Мен тек күн көріспен күнделікті тігінмен айналыстым. Күнделікті қайталау арқылы, қолымның үйренгені сонша, қолдарым автомат жұмыс жасай беретін. Қиналу, қорқу мен үшін жат нәрсеге айналды. Клиент жанымда отырма, негативі шығып жатырма? Ол мені алаңдатпады. Қолым автомат өз жұмысын жасай берді. Ал, нәтижесі меніде, клиентімді де қуантып отырды. Мен солай күнделікті бір нәрсені қайталау арқылы, сол тігіннің Хас маманы болдым. Түн ортасында тұрғызып маған дұрысталмайды деген,
Жалғасы келесі посттан қараңыз...

Менің тылсым дүнием.6 бөлімі.⠀Біреуді өзіме бағындырамын ( күйеуімді, әйелімді өзімнен басқаға қарамайтындай етемін) деп...
05/07/2021

Менің тылсым дүнием.
6 бөлімі.

Біреуді өзіме бағындырамын ( күйеуімді, әйелімді өзімнен басқаға қарамайтындай етемін) деп тәуіп емші іздеп сырттай оқытудан немесе шәйге дем салдырып келдім деп ішкізіп әлек болмаяқ қойыңдар. Оның ішіне жындарды жинап бересіңдер. Ол адам ашушаң болады немесе үнсіз қалады, сосын көбіне жүректен кетеді, сахарный диабетпен, қан аздықпен, давлениенің түсуі, көтерілуі осындай аурулармен ауырады. Арақ ішіп кетеді. Немесе не рыба не мясо өмір сүріп жүре береді. Мақсаты болмайды. Не үшін өмір сүріп жүргенін білмейді.
Әсіресе ақша тапқыш адамға, ақшасын басқаға шашпасын деп оқытады сырттай.
Ол тек әйел күйеулер бір біріне ғана емес, ата ана баласына да арнайы оқытады.
Бірақ бәрі білместікпен жасайды. Бәрі дұрыс болсын дейді.
Үлкен күнә жасап жатқанын ешкім байқамайды. Жақсылық жасап жатырмын деп ойлайды.
Ия, әрине уақытша дұрыс болады. Асып кетсе он жыл, он бес жылдан кейін, ол кері әсерлерін шығарып бастайды.

Ол жайлы айтарым көп ау. Бірақ, мен ол саланың маманы емеспін. Өзім үшін зерттеп, көп нәрсенің басын ашып алдым.
Мен тек біреуге сабақ болсын, біреу керегін алсын деймін.

Әйтпесе бұл жайлы көп зерттедім.
Аман болыңдар. Тылсым дүниенің мақұлықтарынан сақтанып жүріңдер.
Мен сіздерге Сәттілік тілеймін🤲🏻
Аллам маған Сәтін салды. Жолын көрсетті🤲🏻❤️
Сіздерге де сол Сәттілікті тілеймін🤲🏻❤️

Менің тылсым дүнием.5 бөлім.Екі ай болды осы тылсым дүниенің мақұлықтарымен әлі тазарынып жатырмын.Ол жерге сау адам бар...
05/07/2021

Менің тылсым дүнием.
5 бөлім.
Екі ай болды осы тылсым дүниенің мақұлықтарымен әлі тазарынып жатырмын.
Ол жерге сау адам бармайды.
Сау адам барып өзін тексертіп жатырған адамдар да бар, оларға тазасың енді келме дегенде мен қуанамын. Маған қашан айтады екен деп армандаймын.
Менің жындарым енді қозып жатыр, екі айдан кейін. Бүгін тіпті үйден шығармай қойды. Есік ашылмай қойды. Ұлым әрең ашып берді. Жолымда көп қиындықтар болды. Психологияны жақсы меңгергенім көмектесті. Фокусты уақытында үлгергеніме қойдым.
Артық ақша құралыңғой. Соның арқасында әрең Имамның Фатиханы оқып жатқанда кіріп үлгердім.
Аллаға сансыз шүкіршілік, Алла маған көмектесті🤲🏻 Тілегімді қабыл алды. Менің сол жындардың етегінде құрып кетуімде мүмкін едіғой. Аллаға сансыз шүкірлік🤲🏻❤️

Енді жындар туралы зерттегенімді айтайын.
Оның жолдары көп. Мен қысқа нұсқасын айтайын.
Жын қалай сенде пайда болады.
Ол сыйқырдан. Сыйқырмен келеді. Ол менде барын талай жазғанмын.
Сол сыйқырдың соңғы стадиясығой өлімді көп ойлауым.
Аллаға сансыз шүкірлік🤲🏻🤲🏻🤲🏻
Жаман жерді басқаннан
Арақ, ішімдіктен
Ашу ызадан. Гнев болғанда.
Тәуіпке барып оқытқаннан сырттай жанасып жүретін жындар
Түрлері де, сырлары да көп. Бірақ олар бұл жерде маңызды емес. Маңыздысы жоғарыда айтылғандар.
Әсіресе ашуға, қатты гневтен абай болыңдар!

Ал қазіргі жағдайым өте жақсы.
Жеңілдік. Жанымда тыныштық. Өмірдің қадірін тереңірек түсіндім. Ойым ашық. Еркіндік( ең маңыздысы). Ашу мүлдем кетті. Қазіргі сәтіммен рахаттана аламын. Күліп жүре аламын. Ойымды ашық айта аламын. Көзім ашық. Айналамды көре аламын. Достарыммен жақсы сөйлесе аламын( бұрын жалғыздықты сүйіп бәрінен бас кешіп едім) Жадым орнына келді.
Аллаға сансыз шүкірлік.

Алланың барына, Тылсымның мақұлықтарының барына күман келтірмейяқ қойыңдар. Мен көзбен көріп арасында болған куәгермін. Алғаш рет 8 жасымда өз көзіммен көрген едім.
Жалғасы бар...

Менің тылсым дүнием.4 бөлімі.Өмірі ондай болып көрмегем. Есімді жия алсамғой. Шокпын. Мен ол кісінің мойнымды басып үлге...
05/07/2021

Менің тылсым дүнием.
4 бөлімі.
Өмірі ондай болып көрмегем. Есімді жия алсамғой. Шокпын. Мен ол кісінің мойнымды басып үлгермеді деп ойлап тұрмын. Ал, барлық процесс уже болып кетіпті. Сосын, тек күле берем, күле берем. Есім ауып кетпеді ма деп қоямын.
Үйге келіп жын шығаратын видиоларды көріп зерттедім. Менің бүгінгі басымнан өткен жағдай болмаса, мен ол видиоларды өтірікке шығарар едім.
Аптасына үш күн барып отырдым.
Күнде әр түрлі спектакл көрсетем.
Бір күні құлағыма ащы ақырған дауыс келеді, бірақ мен емес екенін саналы түрде біліп отырмын. Шыққан соң ол өзім екенін айтып жатты.
Бір күні аяғым дір дір етеді шыққан соң, баса алмаймын. Таудың басына шыққанда да аяқ солай дірілдейді шаршап. Қызыма айтамын. Бұрын жұмыстан келе жатқанда, қайнатамның үйіне, көшенің басына келгенде аяғым осылай дірілдейтін еді деп. Соны айтып отырып аяғыма қарасам аяғымның балтырында бес саусақтың ізі тұр. Төрт саусақ бір жағында, бір саусақтың ізі бір жағында. Екі аяғымның балтыры да сондай. Тағы шокпын. Егер жалғыз барсам аяғымды имам қысқан деп маған сенбес еді. Ол жерде бірнеше ондаған адамдар отыр, қызым қасымда. Имамның алдына барарда екі метр қалғанда миым айналып, аяғым жүрмей, артқа тартып тұрады. Бірде жүре алмай еңбектеп барамын, ағайдың алдына бармай қашып кеткім келеді.
Ол менің ішімдегілердің ісіғой.
Бір күні шыққан соң сандарымның көгергенін көремін.
Жындарғада жан керек. Шығарда жаны қиналып, кетіп жатыр екенғой деймін.
Бір күндері көз алдыма бейнелер келеді.
Тылсымның сырларын білмегенге бұл ертегі сияқты.
Мені де ешкім жынды демейді.
Ол жындар ішіңе кіріп алып сені басқара береді екенғой. Жанымның тыныштық таппай жүргенінің себебін білген қандай жақсы.
Себебін білмей қанша адамдар бұл дүниеден бақытсыз күйі, жан тыныштығын таппай өтіп кетті.
Қызым екі айға жуық қатынады да, ағам оған тазардың, енді көзіме көрінбе дегенде мен қуандым.
Ойландым, бізде бар нәрсе бәрімізде бар шығар деп, кіші қызымды апардым. Аллаға шүкір ол таза болып шықты.
Жалғасы бар...

Менің тылсым дүнием.( жағаларыңды ұстап отырыңдар)3 бөлім.Айнұр Әбдірасілқызын Алла маған жолықтырды.Жылап отырған күнім...
05/07/2021

Менің тылсым дүнием.( жағаларыңды ұстап отырыңдар)
3 бөлім.
Айнұр Әбдірасілқызын Алла маған жолықтырды.
Жылап отырған күнімде, мен оны көрдім.
Оны тыңдап Қари, Имам кісі іздеп бастадым. Диагоназдары бәрі келіп тұр.
Таптым. Алдымен өзім баруға қорықтым. Себебі, қатты қорқақ болып кеттім.
Қызымды жібердім. Бір екі аптадан кейін қызымның жақсы болғанын, мінезі баяғы қарапайымдылығы қайтып келгенін көргенде барып, мен барамын деп шештім.
Бойымдағы бәрінен арылғым келді.
Бардым. Үш бөлмеге адам толды. Әрине ара қашықтық бар. Араларымыз 1,5 метрден.

Тұрсынбек Қабатовтың ауылының театрына келген емшілері туралы анектот есіме түсіп кетті. Құран оқып бастағаннан бірі жылап, бірі айқайлап, бірі орнынан тұрып кетіп жатыр. Жанымызда бір қыз тіптен бұратылып жатыр, денесі дір дір етед. Беті көгерген, ұрып тастағанғой дим. Бірақ әп әдемі қыз. Тырнақтары әдемі маникюр.
Сырттай қарап отырып:- мына қызды әртістікке, образға кіруге жалдаған ба, қанша төледі екен деп қоямын. Қызыма қарап Тұрсынбектің анектотын есіне салып, күліп алдық.
Құран оқылып болған соң, біртіндеп тамақтарын ұстап қысқа аяттар оқиды. Алдындағы адам неше түрлі қылық жасайды. Мен тағы күлдім. Тамақтан буындырса тұншығып дірілдемей, айқайламай қайтеді деп.
Кезек маған келді.
Не болғанын айтқымда келмейді шынын айтсам. Бірақ айту керек. Тамағыма бармағын тигізгенін білемін, вроде сознаниядамын, құлап бара жатқанымды білемін, неғып жатырмын мына кісіден ұят болдығой, орамалым шешіліп кеттіғой деп ойлағанымша болмады, көзімді ашсам жерде жатырмын, қызым қасыма жетіп келіпті. Мені көріп қорқып кеткенғой.
-Не болды дей берем, ештеңе түсінбей қалдым. Қызым үндемеді жүр тұр дей береді. Ал мен :- мені әлі қараған жоқ, миым айналып, басым кашка боп кеттім дей берем, имам маған қарамады деп әлі ренжіп тұрмын.
Ол басқа адамды қарап кетті.
Ненің не екенін түсінбей сыртқа шықтым. Сыртқа шығып ес жиған соң қызым:- елге әртіс деп отырып, өзің нағыз әртіс болып сректакл құрдың дейді. Сөйтсем буын буыным дірілдеп, жатып алып судоргам ұстағам.
Жалғасы бар...

Address

Almaty

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Salli&Style posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share