15/05/2026
Халықаралық музейлер күні қарсаңында Басқарма басшысы Данияр Алиев «Алматы» телеарнасының Таңғы Studio бағдарламасында қонақ болып, қалада өтетін «Музей түні – 2026» акциясы туралы айтып берді.
Акция аясында Алматы қаласы музейлер бірлестігі құрамындағы музейлерге 18 мамыр күні сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін кіру тегін болады. Ал 18:00-ден 00:00-ге дейін келушілерге арнайы мәдени-танымдық бағдарламалар ұсынылады.
Қалалық музейлерде қонақтар үшін:
* танымдық-интерактивтік квесттер мен викториналар;
* театрландырылған экскурсиялар мен қойылымдар;
* музейлік сабақтар;
* спектакльдер;
* блиц-көрмелер;
* «Музейге сый» және «Жұлдызды гид» акциялары;
* фотокөрмелер мен ашық аспан астындағы кинокөрсетілімдер;
* танымал әншілердің қатысуымен концерттік бағдарламалар;
* жасанды интеллект технологиясымен жасалған фотоаймақтар;
* қыш ыдыс жасау, музыкалық аспаптар дайындау және бейнелеу өнері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
Акция аясындағы ерекше жобалардың бірі — алты музейді қамтитын квест-ойын. Жастар арасында танымал блогерлер жетекшілік ететін топтар Бірлестік музейлерін аралап, музей мамандары әзірлеген арнайы тапсырмаларды орындайды.
Сонымен қатар, балаларға арналған арнайы айма