07/04/2023
Жалпы өмір жеңіл, бірақ біз өзіміз көп нәрсені қиындатамыз. Біз үшін хайырлы істің бәрін Алла көрсеткен, жасау керек істер, қандай мінез, қалай өмір сүруіміз керек бәрін айтып қойған. Бірақ біздің көзіміз байлаулы.
Бәрі айқын жазылып тұрса да, на ровном месте проблема іздейтініміз бар.
Менің соңғы инсайтым ол Тәкаппарлық. Біздегі Барлық проблеманың бастауы осы тәкаппарлық екен ғой. Бірақ біз мойындамаймыз, ол қиын. Бәрі өздерін белый пушистый одуванчик қылып өзіне де өзгеге де солай көрсетеді. (бұны әуелі өзіме айтып жатырмын)
Мысалы даже элементарный білімді алайықшы. Стористе опрос жасағанда почти 80% оқырман түрлі салада түрлі білім алғанын айтады. Бірақ қолданбайды екен. Себептердің астында осы тәкаппарлық жатыр. Өйткені біз иіліп оқушы позициясында болғымыз келмейді. Мен бәрін білем деп жасамау нағыз тәкаппарлық. Бірақ ол мен білгенмін білемнің астында жасырулы енеді. Оны байқау үшін де көп жігер керек.
Көп адамдардан естеймін, ой инфоцыгандар, блогерлер көбейді деп. Бұның астында да тәкаппаплық жатыр. Заман ағымына сай пайда болған жаңа дүниені менсінбеу, нағыз тәкаппарлық.
Сондықтан бойыңыздағы тәкаппарлықты таба білген кезде сізде автоматом проблемаңыз шешіле бастайды.
Естеріңде болсын, жүрегінде иненің ізіндей тәкаппарлық бар адам Жәннатық емес деді емес пе?