16/02/2022
Әр бала дүниеге келгенде анасында жаңа бір талант ашылады дегенге сенесіз бе?
⠀
Мен әр баламды дүниеге әкелген сайын, өзіме жат таланттарым ашыла бастады.
⠀
Шыны керек….Тұрмысқа шыққаннан соң, ақша табу, бизнеспен айналысу деген мүлде ойыма келмепті. Бойдақ кезімде жұмыс жасап, ақша таппаған ата-анамның Ақеркесі едім...
⠀
Тұңғышым Дарынтайды 23 жасымда дүниеге әкелдім. Алғашқы аналық махаббат...ол да бір ерекше ұзақ әңгіме. Босанғаннан кейінші қыздардың басты проблемасы, ол артық салмақ. Менде де пайда болды 😃
⠀
Біраааақ 6 айда баяғы қыпша белді қалпыма келдім.
⠀
Өзімді (ПП) қалыпқа келтіре отырып, ойыма неге басқа қыздарға осы жайлы ақпараттар беріп оларды да аздыруға өз септігімді тигізбеймін деп ойладым.
⠀
Біраз қыз менің қатаң қадағалауымның арқасында, артық салмақтарынан құтылды. Олда бір жеңіс, өзім үшін.
⠀
Уақыт өте бұл менің жұмысым емес екенін білдім, жалыға бастадым себебі.
⠀
Одан кейін қандай жұмысты бастады деп ойлайсыз? Дұрыс тапқан оқырманыма кішігірім сыйлығым бар. Мені үнемі, бұрыннан бақылап жүрген оқырмандарым бар ма екен?
⠀
Комментке жаза кетіңіз...
⠀
Одан кейінгі өмір жолым қызық па сіздерге?
⠀
Жалғастырайын ба?
Ия болса (+) қойып кетіңіз 🥰