01/09/2025
Бүгін қаламыздағы "Тұран" мөлтек ауданында орналасқан 143-жалпы орта білім беретін мектепке немеремді 1 сыныпқа апардым. Зейнеткерлікке шыққалы бері немерелерімнің қайда оқып, немен айналысатындығына мән беріп келемін. Осы оймен мектеп директорымен бірге жап-жаңа мектепті аралап шықтым. Бұл заманауи білім ордасында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Арнайы пән кабинеттері, жабдықталған сыныптар — барлығы талапқа сай. Мектеп басшысынан "Жайлы мектеп", "Келешек мектеп" деген Мемлекет басшысынң тапсырмасымен, қала әкімдігінің қолдауымен салынған заманауи білім ордасының шын мәнінде қажеттілігін түсіндім.
Немеремнің осы жаңа мектепке бергеніме іштей қуандым.
Оқушылардың терең білім алуына жағдай жасап отырған ҚР Оқу-ағарту министрлігіне, осы мектептің салып берген жергілікті әкімдікке зейнеткер ретінде алғыс білдіремін. Балаларымыз ел үмітін ақтар адал азамат болып өсе берсін деген ниетпен, немеремді осы мектепке тапсырдым.