02/08/2021
Алдымен лайк баса кетіңіз💚♻️Босанғаннан кейін күтініп жүрмесеңіз,ендеше дереу күтініңіз,күтінбеудің қауіптері өте үлкен екенін білесіз бе?
♻️Босану әйелдің ағазасына үлкен күш түсіреді. Атап айтқанда жамбас сүйектері ажырайды. Босанғаннан кейін әйел ағзасының тыңайып, күш-қуатының қалпына келуіне 6 айдан 2-3 жылға дейін уақыт керек.
Бала емізетін ана дұрыс тамақтануы керек.
Бұл кезеңде ана ағзасындағы белсенді түрде жүретін өзгерістер босанғаннан кейінгі алғашқы 6-8 аптаны қамтиды. Дәрігерлер оны босанғаннан кейінгі кезең деп атап, ерекше көңіл бөледі. Осы уақыт аралығында жатыр көлемі біртіндеп кішірейіп, шап аралық сіңірлер мен бұлшық еттер қатайып, қынап та тарыла бастайды.
♻️ Әсіресе, тұңғыш баласын өмірге әкелген аналар ерекше қамқорлықты қажет етеді. Босанған әйелдің дұрыс күтімі сәбидің де ананың да денсаулығының басты кепілі.
☑️ Сондықтан да босанған әйел:
– омырауын суық тиюден сақтауы керек
– 40 күн бойы қалжаның етін жеп, сорпасын ішуі қажет
– ауыр көтермегені абзал
– 8 сағат ұйықтап, күн сайын нәрестесімен таза ауада серуендеуі керек.
♻️Омырау күтімі
Емізулі әйел үшін омырау тазалығын сақтау өте маңызды. Сондықтан да мамандар сәбидің қолайлы тамақтануы, емізген кезде ауырсыну сезімдерін болдырмау, омыраудың жақсы кейпін сақтау үшін төмендегідей кеңес береді.
– Омырауды жөкемен (мочалка) ысқыламау керек,
– Косметикалық заттарды қолда-нуға болмайды (яғни омырауды кір сабынмен, иіс сабынмен немесе косметикалық сабынмен жуып, соңынан түрлі крем жақпаңыз).
– Қолтық астындағы термен күресу үшін тек салқын суды қолданыңыз
– Қолтық астындағы түктерден арылу үшін депилятор-кремдерді пайдалануға болмайды
– Күндіз де, түнде де үнемі мақталы матадан тігілген қонымды (облегающий) кеудеше (бюстгальтер) киіп жүріңіз
– Омырау үрпілеріне ерекше күтім жасаған жөн, олардың жарылып кетпеуін қадағалаңыз
– Омырауыңызды салқындатып алмаңыз.
– Күн сәулесіне жалаңаштанған омырауды тосуға болмайды.
_Бала емізетін ана дұрыс тамақтану керек
Мамандар май,ақуыз,көмірсу,минералды заттарға бай тамақтар мен дәрумендерді ішуге кеңес береді.
#анаменбала
#жүктілік
#баладенсаулығы