05/01/2023
Бала бақытты болуы үшін ертелі-кеш жұмыс істеп, киімі мен тамағын тауып беру жеткіліксіз. Себебі мұның бәрі сыртқы факторлар. Онан бөлек ішкі факторлардың да болатынын көп ата-аналар ескермейді.☝️
«Қазіргінің балалары құтырған. Ішкені алдында, ішпегені артында. Не жетпейді осыларға?» дейміз. Солай ма?
Ал негізі баланың материалдық қажеттіліктерін өтеу ата-ананың тікелей парызы. Сондықтан міндетсіну дұрыс емес. Бала бақытты болуы үшін алдымен ата-анасы бақытты болуы керек. Онда да өтірік күлу, өтірік бақытты болу емес. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Себебі бала ата-анасының ішкі күйін подсознательно сезіп, бәрін біліп отырады. 👶🏻
Бір ғана мысал, егер ерлі-зайыптының арасында қандай да бір түсініспеушілік болса, баласы ауырып бастайды. Таныс жағдай ма❓
Әрбір бала 13 жасқа дейін ата-анасының подсознаниесі, ішкі халі қандай соны ғана көреді. Соны өзінің түпсанасына жазып алады. Және соны қайталайды. Бала 95 пайыз өз әке-шешесінің өмірін қайталайды.☝️
Егер ата-анасы бақытсыз болса, бірақ балалар үшін ғана «өтірік күліп» бірге тұрып жүрсе, балалары да өскенде солай өмір сүреді. «Менің әке-шешем қалай өмір сүрді, менде солай өмір сүруім керек. Олар шыдады, мен де шыдауым керек» деген қате ойлармен өмір сүреді. Сол үшін де ата-ананың өзімен жұмыс жасауы, өзара қарым-қатынастарын дұрыстауы, баламен шынайы болуы өте маңызды.
Сондай-ақ ата-ана егер қиналып тұрса, соны балаға ашық түрде айтуы керек. Мысалы «біз қазір осындай ситуацияда тұрмыз, бізді түсінуіңді сұрасақ бола ма?» деген секілді көркем түрде мәміле жасасу керек. Балаға үлкен адам секілді қарап, пікірін сұрау, ашық сөйлесу маңызды.👨👩👧
Ал егер ертелі-кеш жұмыс жасап, «балаларымды бағып-қағып жүрмін» деп, ішкі халіне мән бермесеңіз, ол аздай «саған тағы не жетпейді?» деп міндетсінетін болсаңыз, мұндай сөзді естіп өскен балаңыз өзі отбасын құрғанда, «үйлендім ал, басқа сендерге не керек?» деп тура соны әке-шешесіне қайталайтын болады.
#психосоматайгерім
#психосоматика
#психосоматикаастана