26/12/2024
Киноиндустрия - елдің мәдениетін қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда үлкен рөл атқаратын қуатты құрал. Еліміздің болашағы үшін ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, тарихи сананы оятатын жобалар мен бастамалар - қай уақытта да өзекті. Сондықтан, тарихи сана мен ұлттық рухты ұлықтайтын кинофильмдер, кітаптар мен мерекелік іс-шаралар бүгінгі қоғам үшін құнды екені рас.
Еліміздің ұлттық киімдері мен дәстүрлерін дәріптейтін кинофильмдер, тарихи тұлғалардың өмірі мен ерлігі жайлы жазылған кітаптар, сондай-ақ мерекелік шаралар - осының бәрі жастардың бойында патриотизмді, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруға көмектеседі. Қазақ әдебиеті мен кинематографиясы тарихи сананы жаңғыртуда үлкен рөл атқарып келеді. Өткен жылдары шыққан кинофильмдер мен тарихи романдар бізге елдің тарихи жолын, қиын кезеңдерде халықтың бірлігін, ерлігін еске салады. “Томирис”, “Қазақ хандығы. Алтын тақ”, “Міржақып. Оян, қазақ!” сынды фильмдерді көп түсіру керек деп ойлаймын. Еш мағынасы жоқ комедияны қазір халық көргісі келмейді. Ой салатын, құндылығымызды дәріптейтін кинофильмдер маңызды. Мысалы, “Қазақ әлемі” фильмі жеңіл комедия, бірақ астарлы ойымен, ойландыратын финалымен қызық болды. Осындай фильмдер жастардың бойында өз еліне деген сүйіспеншілікті, ұлттық мәдениетке құрмет пен мақтаныш сезімін оятуға көмектеседі. Жаһандану дауірінде,ұлттық болмысымызды сақтап қалу, тарихи санамызды жаңғырту аса манызды екені анық.
Қазақ кинофильмдері заманауи талаптармен көркемделіп, болмысымызды жоғалтпай, дәл осы мақсатқа бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын.