sultan.tilek_kz

sultan.tilek_kz Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from sultan.tilek_kz, Clothing (Brand), Buxoro.

Қымбатты әріптестер!  Баршаңызды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен  құттықтаймын!  Халқымыздың сан-ғ...
21/05/2022

Қымбатты әріптестер! Баршаңызды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыздың сан-ғасырлық мәдени мұрасын өз қалпында сақтап, ұлт болашағы үшін аянбай төккен тер мен атқарылған істеріңіз елене берсін!

Ақ орамал, әдемі ақ орамал,Пәле менен жаладан пана болар.Отбасына бақ тілеп, анам тақсын, Құтты болсын ырымдап ал,орап а...
20/01/2022

Ақ орамал, әдемі ақ орамал,
Пәле менен жаладан пана болар.
Отбасына бақ тілеп, анам тақсын,
Құтты болсын ырымдап ал,орап ал.
Жан болмасын , өсектен жала жабар,
Түспесін басыңнан ақ орамал,
Тартқызбасын қан жұтып,қайғы уайым,
Тартқызбасын құдайым қара орамал! деп ақын Алмас Темірбай жырлағандай 1ақпан халықаралық орамалдар күніне орай Анаға құрмет музейі Қазақстан қыз-келіншектеріне орамал тағу әдісінен челендж жолдайды.Анамыз таққан ақ орамалды сәнді де көркем таға алсаңыз челенджге қосылыңыз.
Мен өз кезегімде танымал Қолөнер шебері, Ұлағатты ұстаз .pol қызына жолдаймын!

 апайым киелі қажылық сапарына арнайы тапсырыспен тіктірді,  қажылығыңыз қабыл болсын! Сәт сапар тілеймін!
21/11/2021

апайым киелі қажылық сапарына арнайы тапсырыспен тіктірді, қажылығыңыз қабыл болсын! Сәт сапар тілеймін!

Әруақ бар екеніне сенесізбе? Бүгін бір қызық уақыйға болды. Суреттегі бұл апай (сол жақта) Нұржұма Қызы Рахиза апай 1952...
08/11/2021

Әруақ бар екеніне сенесізбе?
Бүгін бір қызық уақыйға болды. Суреттегі бұл апай (сол жақта) Нұржұма Қызы Рахиза апай 1952-жылғы, Ұлы жүз Албан руының Жарты тармағынан, былтыр бір көрмеден танысып қалғанбыз, менің қолөнеріме, айрықша кимешектерге қызығып қатты тәнті болған, жәнеде өзінде сақтап жүрген әжесінің көне кимешегі бар екенін айтып, маған әкеліп көрсеткен, мен маған сатыңыз, көрмелерге алып жүрейін, үлгісін жаңғыртып тігейін деп жабыса кеткем, апай болса әжесінен қалған көз екенін айтып бергісі келмеген, сол бойы бұл жағдай ұмтылып қалған, ал апайдың болса түсіне әжесі кіріп «кимешекті сандыққа салып қоймай, осы балаға бер.» деп аян түс көре берген, содан бері мені таппай жүреді, өткендегі жәрмеңкеден көріп қалып қатты қуанып, болған жағдайды айтып номерімді алып кеткен, енді бүгін хабарласып сол кимешекті үйіме әкеліп берді, әжемнің аянын орындадым, кимешек киелі иесін тапты деп қуанып отыр, менде таңғалысымды жасыра алмадым, апайға өз қолымнан шыққан бір кимешекті сыйға тарттым. Ал бұл кимешектің иесі болған әжеміз Кебек Қызы Нағыйман апа(1899~04•12•1975) руы Албан ішінде Айт тармағынан. Өте шебер, ақ көңіл, бес намазын қаза қылмаған жан еді деп еске алды немере қызы 69жастағы Рахиза апай. Менде тылсым дүниеден рухы қолдап жатқан Нағыйман апаның әруағына арнап құран бағыштадым. Бір ғасырға жақын сақталған бұл кимешек менің бағалы да аяулы коллекциямнан орын алары сөзсіз.

Жаңа топтамам. Ұлтының өнерін сүйген, қолөнерді бағалай білетін сәнқой Қыз-келіншектер үшін.  #тюбитейка #қазақстандажас...
23/10/2021

Жаңа топтамам. Ұлтының өнерін сүйген, қолөнерді бағалай білетін сәнқой Қыз-келіншектер үшін. #тюбитейка #қазақстандажасалған

28.07.2021~03.08.2021 аралығында Стамбулда өткен «Буюк чекмеже халықаралық көрмесі» нен естеліктер.
09/09/2021

28.07.2021~03.08.2021 аралығында Стамбулда өткен «Буюк чекмеже халықаралық көрмесі» нен естеліктер.

Address

Buxoro

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when sultan.tilek_kz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share